Меню KDT

Новости

Қамқоршылық кеңес дегеніміз не?

Қамқоршылық кеңес дегеніміз не?

 

2007ж. шілденің 27 бастаған "Білім туралы" №319 III Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабы 9 тармағына сәйкес білім ұйымдарында алқа басқару органдары құрылады, білім ұйымының алқа басқармасының түрлерімен білім ұйымы,қамқорлық кеңесі,педагогикалық, әдістемелік кеңестер және басқа түрлер бола алады. Осылай, білім ұйымының қамқорлық кеңесі (ары қарай-қамқорлық кеңес) білім ұйымының алқа басқару түрінің бірі болып саналады

Білім мекемесінде Қамқорлық Кеңес не үшін қажет ?

Қамқорлық кеңес қызметінің мақсаты болып саналады:оқу білім бағдарламасын сәтті іске асыру мақсатында білім ұйымының оқушыларына және педагогикалық ұжымға қажетті жағдай жасау,қаржылық қолдауды қамтамасыз ету,білім ұйымының материалды техникалық базасын күшейту.

Ережеге сәйкес қамқорлық кеңес қызметінің негізгі бағыттары болып саналады: әлеуметті-мәдени, сауықтыру және дамыту шараларын өткізуде білім ұйымына көмек көрсету, тәрбиелеу мен оқыту облысында халықаралық бірлестікті орнатумен дамытуға жәрдемдесу.

 

Қамқорлық кеңесі неге Сізге және Сіздің балаңызға керек ?

 

Қамқорлық кеңес жұмысы арқасында білім мекемесінің сапасы жақсарды, демек ондағы Сіздің балаңыздың өмірінің сапасы да жақсарды. Жайлылығы мен қауіпсіздігі ғана емес білім процессінің сапасы да көтеріледі, дарынды педагогтар бюджеттік қаржының жетпеуінен мекемелерден кетпейді, қосымша табысқа уақыт жұмсамайды, жаңа бағалы қызметкерлер тартылады.

Мектептердегі ақша жинау мәселесін шешуге Қамқоршылық кеңестері көмектеседі. Аталған жүйе білім мекемелерінің көптеген қаржылық-шаруашылық мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Білім беру ұйымдарындағы демеушілік қаражаты мәселесін тәртіпке келтіруді, яғни, ақша жинаудың және демеушілік көрсетудің не екенін нақты анықтап, мектептердегі барлық ақша жинауды жоюды жоспарлайды. Бұл үлкен мәселе. Барлық мектептерде Қамқоршылық кеңестері құрылады. Қазір жоғарғы оқу орындарында қалыптасып келе жатқандай, олар бұл қаражатты мектеп басшылығының жергілікті қоғамдастық пен ата-аналар қоғамы алдындағы міндетті есеп беруі арқылы бақылайды.

Мектеп қоғамның талаптарына бүгінгі күні жауап беруі үшін, оған қоғаммен диалог құрып, шынайы ашық жүйе болуы қажет. Білімді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде, Қамқоршылық кеңес мектеп пен қоғамның арасындағы қарым қатынастың құралы болуы қажет.

Қамқоршылық кеңестің құрамына оқушылардың ата-аналары, жергілікті билік органдарының өкілдері және жеке ұйымдардың басшылары, білім мекемелерінің дамуына мүдделі және оның ұжымдарында қоғамдық беделге ие тұлғалар кіре алады. Кеңесті жыл сайыңғы отырыста сайланатын төраға басқарады.

Кеңес материалдық базаны нығайтудан басқа, жас мамандарды тарту, дарынды балаларды қолдау мәселелерін қарайды.

Қамқоршылық кеңес өзінің жұмысы үшін мекеменің басшысынан немесе оның орынбасарынан қажетті ақпараттар алуға, оқыту және тәрбиелеу жағдайын жақсарту, оқушылардың денсаулығын нығайту және тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге, қайырымдылық жинаумен айналысатын қайырымдылық және кез-келген басқа ұйымдармен ынтымақтасуға, мекеменің қажеттіліктеріне жеке (сондай-ақ заңды) тұлғалардың қайырымдылықтарының мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізуге құқылы.

Чехов орта мектебінде қамқоршылық кеңесі 2017 жылы мамыр айыннан бастап жұмыс істей бастады. Мектебімізде жалпы ата аналар жиналысы өткізілді, жиналыс барысында қамқорлық кеңесінің мүшелері сайланды. Қамқорлық кеңесінің талабы бойынша тоғыз адам сайланды. Мүшелер арасында бірінші жиын мамыр айында өткізілді және торайымы сайланды. Осы қамқорлық кеңесінің мүшелерінің құрамына: жеке меншік басшылары, мектеп түлектері, ата аналар кіреді.  Бірінші  отырыста алда атқарылатын жұмыстың жоспары құрылып, бекітілді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері еліміздің азаматтарымен, мұғалімдерімен, демеушілерімен кездесіп мектепке көмек көрсету жолдарын қарастырады.

Мысалы: маусым және шілде айларында мектеп жөндеуге цемент, коллер, сыр, ДВП т.б. керек заттарды алу үшін 71000 теңге ақша жұмсалды. Маусым айында мектебіміздің түлектері мектебімізге 70000 теңге көлемнде тұратын принтер  сыйлады. Тамыз және қыркүйек айыларында «Мөлдір су» мекемесі мектебімізге жылы дәретханаға керек жарақтарды сатып алу үшін 200000 теңге, ал Сев.Каз.Тас  30000 теңге бөлді. Қыркүйек айында мектепте оқитын аз қамтылған оқушыларға «Мектепке жол» акциясы бойынша 95000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Демеушілердің көмегі арқасында желтоқсан айында мектеп маңындағы кортты қысқыға дайындау кезінде 24000 теңгеге жанармай сатып алды. Осы айда аз қамтылған оқушыларға 6000 теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар сатылып алынды. Қаңтар айында «Ақшақар - 2018» спорттық ойынға оқушылардың жолына 2500 теңге жолына жұмсалды. Ақпан айында «Қайырымдылық» акция бойынша 22000 теңге көмек көрсетілді.  

Ақпан айының отырысында жоспар бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің мүшелері оқушылардың білімі, тәртіптері бойынша жұмыстар жүргізу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар алдымыздағы мерекелерді өткізу барысында атсалысу және көмек көрсету жолдарын қарастырады.

Мен бүгінгі есебімді осындай жақсы сөздермен аяқтағым келеді:

«Мейірімділік-ғажайып өмір есігі,мейірімді болсаң-сазды әуенмен тербетілер бесігің».

 

 «Қайырымдылық, мейірімділік жылы жүректен,жүрегіміз жылы,таза ақ болсын».

 

 

 

 

 



Просмотров: 1631

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Президенттің Жолдауы

Мектеп директоры Абилкаримова Маржан Мухамеджановна

Мектеп психологы Абилькаримова Алтынай Касымжановна

Біз Facebook-те

Kundelik

Опрос

Статистика

  • Осы айда60
  • Осы аптада19
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки