Меню KDT

Новости

«Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Өткізген :  Капарова  А.Б.         Чехов  орта  мектебі     17.03.2017жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың , Абылайханның, Абайдың, Ш.Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның суреттері, нақыл сөздер, «Жаса , Қазақстан » әні,  Қазақстан туралы  презентация

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

 Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, постер  құрастыру

 

 Тәрбие сағатының барысы:

1.Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы  шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

  1. Мұғалімнің сөзі:

     Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Тәуелсіз елімізді бір мақсат,бір мүдде, бір болашаққа жұмылдырып отырған Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын.

     Сабағымызды  бастамай-ақ миға шабуыл  өткізейік

     «Ойлы болсаң – озып көр»

  1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз мың)
  2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
  3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
  4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа»)
  5. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы)
  6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр)
  7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен»)

8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)

  1. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200 шаршы метр)
  2. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
  3. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

  Мұғалімнің  сөзі:   Аблайхан, И.Алтынсарин, Н.Назарбаев, Абай  ғылымдардың суреттері  тақтада. Сұрақ:  Осы  адамдарды  не біріктіреді? Олар  кімдер?

  (Оқушылардың  жауаптары: ғылымдар, патриоттар, философтар т.б.)

     Иә, олар философтар, ғылымдар, патриоттар  бірақ  бір  сөзбен  айтқанда- лидер  немесе  КӨШБАСШЫЛАР деп  айтамыз.  Көшбасшы  дегеніміз кім?  Қалай  сендер  түсінесіңдер?

        Солай  айтсақ, балалар, бүгін  біз ұлтымыздың  көшбасшысы, мемелекетімізді  көп  жетістіктерге әкелген   Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады.

     Біз  бүгін  Мәңгілік  Ел  туралы  сөз  қозғаймыз  және  ой жүргіземіз.   «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын

        «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Сондықтан бұл Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен мықты мемлекетіміздің тағы бір Стратегиялық жоспары.  Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызға жаңа серпін беретіні сөзсіз. 

       Мәңгілік Ел.    Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

 

   Оқушыларға    қойылатын  сұрақтар:

-Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?

-Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?

-Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің?

 

Мұғалімнің  сөзі:

       

       Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсізідікке қол жеткізгеннен гөрі , оны ұстап тұру әлдеқайда  қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан –жаққа тартқан берекесіздік  талай елдің тағдырын құрдымға жіберген, тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.

 

     Топқа бөлу (сиқырлы қалпақшадан оқушыларға қима қағаз алу тапсырылады, сол қима қағаздағы   мақалдарға  қарап бөлінеді: «Отан  оттан  да  ыстық», «Отан  отбасынана  басталады» .Оқушылар екі топқа жайғасады,әр топқа бірдей тапсырма беріледі: «Мәңгілік Ел жобасын жасау»

           (Екі  топ  жасаған  постерін  қорғайды,  уақыт – 2 минут )

 

                     

                                        2  тапсырма:     Қазақстанның  жетістіктері

                                        3 тапсырма:       « Мен  сенемін  ......»

(  оқушылардың  жауаптары: Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!)

 

Қорытынды

 

       Елбасымыз өзінің жолдауында айтып кеткендей,Қазақстан елін көркейтетін де, асқақтатын да, ең абыройлы, ең мәртебелі жол қылатын ол тек сіздер.Сондықтан да әрбір күндерініз мерекелі, әрбір істеріңіз берекелі болсын.

Балалар бүгінгі ой пікірлеріңіз үшін үлкен рахмет.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

                Игликов  Рахаттың  орындауында  ән  «Жаса,  Қазақстан!»

                                Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдауы 
 

Сабақты өткізген :  бірінші  санатты  орыс  тілі  және  әдебиет  пәні мұғалімі

Капарова  Айгуль  Баткулдиновна,  

 

Күні:  17.03.2017 ж.     Сыныбы: 9  “Ә”  сынып     Пәні:  тәрбие  сағаты

 

Сабақтың тақырыбы:     «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

 

Тәрбие сағатының мақсаты:     Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі қандай:      Топпен жұмыс

 

 Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, постер  құрастыру

 

Мұғалім  талдауы

   

Өткізген  тәрбие  сабағым  келесі  кезеңдерден  тұрды:

  1. Психологиялық кезеңі
  2. Ұйымдастыру кезеңі
  3. Миға шабуыл
  4. Жаңа тақырып
  5. Топқа бөлу
  6. Тапсырмалар
  7. Қорытынды
  8. Ән

 

           Өткізген  тәрбие  сабағымда  сабақ кезеңдерінің арасында байланыс

Болды  деп  ойлаймын, өйткені   алға қойған  сабақта  мақсаттарды  орындауы үшін сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Уақытты да  тиімді пайдаланылдым.

          Жаңа тақырыпты  оқушыларға ашуы үшін әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру  әдіс - тәсілдерін    және    сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін  қолд.  Оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыруын  қарастырдым.

            Әр оқушы  жұмыс  атқаруы  үшін мен миға  шабуыл  стратегиясын  қолдандым. Сынып   мен дайындаган  сұрақтарымп толық  жақсы  жауап  берді. Көбінесе Токимова К. , Вьюшкина В., Булатова М., Алибаев Н., Утебаев М   жауап  беріп  отырды, бірақ  басқа  оқушылардан  да  жауап  алуға  тырмыстым.

         Сынып  екі  топқа  бөлініп, үш  тапсырма жасады.

 

  1. «Мәңгілік Ел жобасын жасау»-  постер  құрастыру .  (Екі  топ  жасаған  постерін  қорғады,  уақыт – 2 минут

  

     2  тапсырма:     «  Қазақстанның  жетістіктері»

     3 тапсырма:       « Мен  сенемін  ......» 

 

              Сабақ  барысында  қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың , Абылайханның, Абайдың, Ш.Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның суреттері, нақыл сөздер, «Жаса , Қазақстан » әні,  Қазақстан туралы  презентация оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды.

             Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар  тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

     Сыныпта  психологиялық   атмосфера  жақсы  болды, оқушылар өздерін  еркін ұстады,  өз ойларын  толық  жеткізе  берді.

      Тәрбие  сағаты  тарих  және  музыка   пәнідерімен  байланыстырдым.   Сынып  сағаты  жоғары   эмоционалдық   деңгейде   өтті. Менің  ойымша  тоғызыншы сынып   окушылары   жалпы  ұлттық   Мәнгілік   ел  бойынша  өз  білімдерін   қосымша   тәрбие  сабағында   білім  алды ,  патриоттық  сезімдерін  ояттым,  еліміздің  болашағы  өздерінің  қолдарында  екеніне  көздері  жетті.  Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді.

    Мен    сабағымда көздеген  мақсаттарыма  жеттім деп  санаймын.

 

 



Просмотров: 1337

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Президенттің Жолдауы

Мектеп директоры Абилкаримова Маржан Мухамеджановна

Мектеп психологы Абилькаримова Алтынай Касымжановна

Біз Facebook-те

Kundelik

Опрос

Статистика

  • Осы айда62
  • Осы аптада14
  • Кеше0
  • Бүгін4
  • Желіде:0

Полезные ссылки